25 Қар 2022
Жаңалықтар

ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ

Бүгін Казталов мектеп-лицейінде "Balausa" пән бірлестігі апталығының 4-ші күнінде.3 "Б" сыныбына Ж.А.Махсотованың Әдебиеттік оқу пәнінен Ф.Оңғарсынованың " Білім керек бәріңе " шығармасы бойынша ашық сабақ өткізілді.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізілген ашық сабақта білім алушылар берілген топтық тапсырмаларды белсенділікпен орындап, өзара бағалау жүргізді.

Оқу мақсатына негізделген сабақтың барысы деңгейлік тапсырмаларға толы болды.

Сондай-ақ ашық сабаққа жас мамандарда қатысып, қоржындарын жаңаша әдіс-тәсілдермен толықтырды.

Ашық сабақ өткізуші мұғалім мен әріптестері тарапынан да бүгінгі сабаққа рефлекция жасалып, сабақтың өз мақсатына жеткендігі айтылды.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар