25 Қар 2022
Жаңалықтар

ШЕБЕРЛІКПЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН АШЫҚ САБАҚ

Казталов мектеп-лицейінде "Balausa" пән бірлестігі апталығының 5-ші күнінде жоспарлы ашық сабақтар оздырылды.

Соның бірі 4 "А" сыныбына Ш. Б. Темиргалиеваның жаратылыстану пәнінен "Қандай жануарлар жойылып бара жатыр?" тақырыбындағы ашық сабағы еді.

Көп жылғы ізденіс пен шеберліктің нәтижесінде ұйымдастырылған ашық сабақта оқушылар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап,қазіргі трендтегі әдістердің бірі STEM әдісі арқылы ұйымдастырылған топтық жұмыстарын қорғай білді.

Өз пікірлерін ашық айтып, жауаптарын анық әрі нақты түрде жеткізе білді. Жұптық жұмыс арқылы да сыныптың татулығын көрсете білді.

Әсіресе білім алушыларды шығармашылыққа баулу да мұғалімнің шеберлігі мен біліктілігі көрінді.

Бұл ашық сабақтың тағы бір ерекшелігі сабақ тақырыбы бойынша ауданымызда жақында ашылған резервваттың 3 эколог маманының қатысуы еді.

Яғни "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерват РММ және "Ащыөзек табиғи қаумалының" аға ғылыми қызметкері Айткалиева Карина Ерболатовнаның қатысып, өз өлкеміздегі қорғауға алынған киік жануары туралы ақпараттармен бөлісіп, ашық сабақты өмірмен баланыстыра білді.

Өскелең ұрпақты өмірлік жағдаяттарға бағыттауда бұл ашық сабақтағы әдіс-тәсілдердің берері мол деп білеміз.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар