Казталов мектеп-лицейінде "Берекелі, Алтын күз" тақырыбында 1-4 сыныптарда Алтын күз мерекесі тойланды.
Оқушылар өздерінің қолөнер бұйымдарын көрсетіп, ханзада мен ханшайымдар өнерлерін ортаға салды.
Сондай-ақ ата-аналар да балаларына қалдық заттардан күзгі сән киімдерін тігіп, үлкен дайындықтары мен қолдауларын білдірді.
Ерекше көңіл күйде өнер көрсеткен оқушылар өздерін жан-жақты көрсете білді.
Біреу әуелетіп ән салса, енді бірі өлеңдерді мәнерлеп оқып жатты. Мың бұралып билеген бишілерде ортадан табылып, мерекелік сайыстың мәнін келтірді.
Алтын күздің мәні мен сәнін көрсетуге бағытталған Алтын күз сайысы алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ...
View the embedded image gallery online at:
https://kaztalov.edugov.kz/janaliktar-basti-oral/11741-berekeli-altyn-k-z.html#sigFreeId84627bf8fa
https://kaztalov.edugov.kz/janaliktar-basti-oral/11741-berekeli-altyn-k-z.html#sigFreeId84627bf8fa