"Айгөлек" жазғы демалыс лагерінің ашылуы
Жазғы демалыс кезеңін ұйымдастыру туралы Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2022 жылғы 15 сәуірдегі 7-8 нөмірлі/1864 санды хатын, аудандық білім беру бөлімінің 13 мамыр күнгі 181 нөмірлі бұйрығын негізге ала отырып, бүгін мектеп жанынан "Айгөлек" жазғы демалыс лагерінің ашылуы оздырылды. Лагерьге мектептің күрделі жөндеуден өтуіне байланысты 1 ауысымда балалардың танымдық, шығармашылық ой-өрісін, қабілеттерін дамыту мақсатында көп балалы, аз қамтылған отбасынан 1 кезеңіне 25 бала қамтылды.
Ашылу салтанатында мектеп директоры М.И.Жексенова құттықтау сөз сөйледі. Өнерлі шәкірттеріміз ән айтып, би билеп, мереке сәнін келтірді. Балаларға арналып тәттілермен үстел әзірленді.
"Балалар жылымен" тұспа-тұс келген 1 маусым - Балаларды қорғау күні құтты болсын!
"Айгөлек" жазғы демалыс лагеріндегі балалардың уақыттарын қызықты өткізу мақсатында бүгін Жастар орталығынан сүйікті мультфильмдерін тамашалау мен флешмоб ұйымдастырылды.
https://kaztalov.edugov.kz/janaliktar-basti-oral/11108-1.html#sigFreeIdac6af5ff3e
Рәміздер - елдіктің белгісі
4-маусым - ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай "Айгөлек" жазғы демалыс лагері бойынша, Жазғы мектеп аясында бастауыш сынып оқушыларына «Рәміздер - елдіктің белгісі» тақырыбында тәрбиелік шара өткізілді.
Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту; Отан, Қазақстан,Туған жер туралы түсініктерін кеңейту; Оқушыларды адамгершілікке, отансүйгіштікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
https://kaztalov.edugov.kz/janaliktar-basti-oral/11108-1.html#sigFreeId08af4b13fe
"Айгөлек" жазғы демалыс лагерінің 2-ші күнінде балалар алдымен дене шынықтыру жаттығуларын жасап, лагердің әнұранын, әнін орындап, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында "Достық" күні, "Достық деген не?", "Досыма хат" шарасына қатысып, табиғат аясында серуендеді.
https://kaztalov.edugov.kz/janaliktar-basti-oral/11108-1.html#sigFreeId81584b6766