05 Желт 2022
Хабарландыру

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекітуге конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Конкурсты ұйымдастырушы: «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі, БҚО, Казталов ауданы, Казталовка ауылы, Ш.Шарафутдинов көшесі № 3, тел. 87114431630, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ03070102KSN2701000 РММ "ҚР қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті" ММ Коды 2612151, БСН 941240000371.

Конкурсты ұйымдастырушының өкілі – С.Джангереева - «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Казталовка селосы, Ш.Шарафутдинов көшесі № 3, тел. 87114431573

Жалпы ережелер

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері конкурс өткізеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру орындарын анықтау

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі, жұмыстануға барлығы мемлекеттік 1176, жеке 90  барлығы 1266 орынға, мемлекеттік білім беру тапсырысын жергілікті бюджеттен бір тәрбиеленушіге мөлшері бір айға 45348 тенгеден қаржыландырылады.

Казталов ауданының білім беру бөлімі мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін балалар контингентін топтастыруда білім бөлімінің кезектілік тізімін басшылыққа алады.

Өтінімді рәсімдеу кезінде конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және мыналарды қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі: 1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды; 2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығына сәйкес жағдайларды; 3) төтенше жағдайлар туындаған кезде хабарлау жүйесі бар (дабыл түймешесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесінің болуы); 4) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды (бейнебақылау жүйесінің болуы); 5) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған; 6) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырған; 7) санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасаған; 8) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

Құжаттарды қабылдау күні: 05.12-07.12.2022 жыл.

Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру сызбасы;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

Мектепке дейінгі ұйымдар басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды Білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ-нің электрондық поштасына электрондық форматта жібереді. Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ -не қағаз форматта жібереді.

Құжаттарды қабылдау конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде  жүзеге асырады. 

Қосымша ақпаратты: 8(71144) 40075 телефон арқылы білуге болады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар